Қазақстанда рақымшылыққа іліну үшін кінәсін толық мойындауы керек
Рақымшылыққа іліну үшін кінәні толық мойындау керек. Бас прокуратура Қаңтар оқиғасында тәртіпсіздіктерге қатысқандарға рақымшылық қалай жасалатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сотталғандар бостандыққа шығу үшін амнистияға өз рұқсатын беруі керек. Азаматтың келісімінсіз рақымшылыққа ілінбейді.
Бір реттік рақымшылық тек кінәні толық мойындаған жағдайда және шығынды толық өтеген кезде ғана жасалады. Яғни ауырлығы орташа қылмыс жасағандар толық босатылуы мүмкін. Ал ауыр қылмыс жасағандардың мерзімі қысқартылады.
Әзірге амнистияға нақты неше адамның ілінетіні белгісіз. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі Жолдауында Қаңтар оқиғаларының қатысушыларына бір реттік рақымшылық жариялауды ұсынған.
Тек амнистияның тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар негізгі айыпталушыларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасаған, билікті күшпен ауыстыруға әрекет жасағандарға қатысы жоқ.
- Рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі қашан жарияланады? Әділет министрі жауап берді
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр