Қазақстандықтар Құрбан Айтта қанша күн демалады
Қазақстандықтар құрбан айт мерекесіне бір күн демалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұсылмандарға арналған 2021 жылдың күнтізбесі бойынша Құрбан айт мерекесі 20, 21, 22 шілде күндеріне сәйкес келеді.
Сәйкесінше, Құрбан Айттың алғашқы күні, 20 шілде Қазақстандықтар үшін демалыс күні ретінде бекітілген.
Еске салсақ, осыған дейін Құрбан Айт қарсаңында Алматыға кіре берісте бекеттер орнатылатыны туралы айтқан болатынбыз.
Қаулыда 16-22 шілде аралығында Алматыға кіре берісте қалаға жануарларды әкелуге жол бермеу үшін бекеттер қойылатыны айтылған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды