Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар ХҚКО-да құжат фотосын өздігінен таңдай алады

Енді қазақстандықтар ХҚКО-да құжат фотосын өздігінен таңдай алады. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мемлекеттік қызметтер саласында енгізіліп жатқан инновациялар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әбділдиннің сөзінше, корпорация ІІМ-мен бірігіп ХҚКО-ларда азаматтардың өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізу бойынша жобаны әзірледі.

"ХҚКО-ларда жеке куәлік пен паспорт алуға өтінімдерді көші-қон полициясының екі қызметкері ғана қабылдайды. Ары қарай клиент кассаға, содан соң фотоға түсу үшін екінші қызметкерге баруы тиіс. Бүкіл процесс 20-30 минутты алатын. 

Жақын арада пилоттық жоба аясында Нұр-Сұлтан қаласының ХҚКО-ларында құжаттандыруға арналған 15 терминал орнатамыз. Клиент барлық деректерді өз бетінше толтырады. Терминал биометриялық сәйкестендіру жүргізіп, фотоға түсіреді, QR-код арқылы төлем қабылдайды. Бұл рәсімдеу процесін 10 минутқа дейін қысқартпақ. Құжат дайын болған кезде оны клиент ХҚКО-дан алып кетеді. Біздің жақын болашақтағы басты мақсатымыз – өзіне-өзі қызмет көрсетуге бағдарланған ХҚО-ларда мемлекеттік қызметтерді толықтай қағазсыз көрсету" - деді Сүйеніш Әбділдин.



Әбділдин барлық мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру жұмыстарын жалғасатынын атап өтті.

Талқылау