Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар емхананы еркін таңдау құқығына ие болды

15 қыркүйекте Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын еркін таңдау науқаны басталды. Ол 2021 жылдың 15 қарашасына дейін екі айға созылады, деп мәлімдеді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Барлығы 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін алғашқы медициналық көмек ұйымдарына 19,4 миллион адам бекітілген. Олардың 11,6 миллионы қала тұрғындары болса, 7,9 миллионы ауылдықтар.

2020 жылы емханаларды еркін таңдау қызметін 134,4 мың адам пайдаланған. Олардың 1037 адамы шетелдіктер, 1010 – басқа елдердің азаматтары және 27 қандас.

"Акция жыл сайын ұйым жұмысын ұнатпаған қазақстандықтардың оларды ауыстыра алуы үшін ұйымдастырылады. Ал науқанға қатысушылар оның ішінде жаңалары келесі жылдан бастап халыққа қызмет көрсетуге тапсырыс ала алады", – деп түсіндірді қор ұйымдастырушылары.

2021 жылы Қор барлығы 615 алғашқы медициналық көмек ұйымдарымен келісімшартқа отырған. Соның ішінде 357 мемлекеттік ұйым және 258 жекеменшік ұйым.

Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған азаматтар бұған дейін қызметін пайдаланған медициналық көмек ұйымдарының құрамында қалады.

Алғашқы медициналық көмек ұйымдарына үш жолмен тіркелуге болады: таңдалған медициналық ұйымға тікелей хабарласу арқылы, электронды үкімет порталы арқылы онлайн тіркелу немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш жіберу.

Компанияға қосылу денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмек алу құқығын береді, оның ішінде консультациялық-диагностикалық қызметтерге жолдама, ауруханаға жатқызу және кез келген жоспарлы медициналық көмек. 

Туындаған сұрақтар бойынша Қор мына байланыс құралдары арқылы хабарласуды сұрайды – 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, www.fms.kz Қор сайты және Телеграмдағы Saqtandyry-bot.

Талқылау