Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар бара алатын елдер тізімі белгілі болды

Қазақстаннан 13 елге әуе рейстері қатынайтын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

самолет

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (ИИДМ) халықаралық бағыттар бойынша аптасына 117 рейстің жиілігімен 40 бағыт бойынша 13 елге тұрақты авиарейстер орындалатынын атап өтті.

 Түркия - аптасына 12 рейс; БАӘ - аптасына 31 рейс; Өзбекстан - аптасына 22 рейс; Ресей - аптасына 10 рейс; Қырғызстан - аптасына 7 рейс; Беларусь - аптасына 4 рейс; Украина - аптасына 4 рейс; Германия - аптасына 9 рейс; Грузия - аптасына 9 рейс;

Тәжікстан - аптасына 2 рейс; Оңтүстік Корея - аптасына 2 рейс; Египет - аптасына 2 чартерлік рейс;  Мальдив аралдары - аптасына 3 рейс.

16 мамырда Қазақстанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды.

Осы қаулыға сәйкес Қазақстанға келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралына келген адамдар 14 күнге үйде оқшауланады.
Ал 17 мамырда Air Astana Мальдив аралдарына рейстерді 31 мамырға дейін тоқтатқаны белгілі болды.

Айта кетейік, 17 мамырда Air Astan Мальдив аралдарына 31 мамырға дейін рейстерді тоқтатты

Талқылау