Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар азық-түлікке ай сайын орта есеппен 114 мың теңге жұмсайды

Қазақстан халқы азық-түлікке ай сайын орта есеппен 113 мың 870 теңге жұмсайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Freedom Finance Global сарапшыларының мәліметінше, сауалнамаға қатысқан 3 мыңнан астам тұрғынның 27%-ы айына тамаққа 50 мың теңге кетеді деп жауап берген.

30%-ға жуығы 30 күнде 75-100 мың теңге аралығында жарататынын айтқан.

Әрбір бесінші тұрғын, яғни 17%-ы ай сайын тамаққа 100-150 мың теңге бөледі.

Тағы 12%-ы 75 мыңға дейін, қалған 10%-ы 150-200 мың теңге қаржысын айлық азығына арнайды екен.



“Азық-түлікке айлықтың жартысы кетеді”, “Мен күзетші болып жұмыс істеймін. 120 мың теңге аламын. 60 мыңы тамаққа кетеді. Бәрі қымбат қой”,  “Тамаққа 100 мыңнан аса кетеді. Оның үстіне пәтер ақысы бар. Ол 120 мың теңге. Бірақ соған шүкір. Өмір сүріп жатырмыз”, “Біздің зейнетақымыз толық бір айға жетпейді. Өте аз, одан кейін азық-түлік күннен күнге қымбаттап жатыр”, – деді тұрғындар.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда қандай азық-түлік өнімдері қымбаттауы мүмкін екені айтылды. 

Талқылау