Қазақстандықтар арасында доллар бағамының күрт өзгеретіні туралы хабарлама таралып жатыр
Қазақстандықтар бір-біріне 27 қаңтарда доллар бағамы күрт өзгеретінін ескертіп хабарлама таратып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Таратылған хабарламаларда валюта алтын стандартпен байланыстырылған деп айтылады.
Шын мәнінде бұл мәлімдеме расталған жоқ. Көптеген экономист алтын стандартына ілінудің жақсы салдары болмайды деп санайды.
АҚШ валюта жүйесіндегі өзгерістер туралы ресми мәлімдемелер жоқ. Федералды резервтік жүйенің сайтында да мұндай хабарламалар жоқ. Бұдан шығатыны, 2021 жылы 27 қаңтарда долларды алтын стандартына байлау туралы хабарламалар ешнәрсемен расталмайды, - делінген хабарламада.
"Құлдықта болуы мүмкін": Жетісу облысында далада адасып кеткен малшы қарияның видеосы жұртты алаңдатты
Желі қолданушылары: "Жақсы қараса бұлай жүрмес еді, әбден қажығаны көрініп тұр"
Қызылордада дәрігерлер әйелге кесарь тілігін жасаған кезде қуығын тесіп алған: Ол бес ай бойы жөргек киіп жүр
Қазір отбасы әйелді Алматыға емделуге жіберуге дайындалып жатыр