Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық журналист: Жансая Әбдімәлікке осы депутаттықтың не керегі бар еді?!

Қазақстандық журналист Абай Балажан жақында мәслихат депутаты болған Жансая Әбдімәлікті сынға алды. Журналистің айтуынша, қазаққа депутат емес, шахматшы жетіспейді. Абай Балажан аты шыға бастағандар депутат болуға ұмтылады деп ашуланды. 

Айта кетейік, Алматы мәслихатына "Nur Otan" партиясынан сайланған депутаттардың тізімі бекітілді. Олардың қатарында Ермахан Ибраимов, Жансая Әбдімәлік сынды танымал тұлғалар бар.

Жансая Әбдімәлікке жазба арнаған журналист мұның реніш емес, жанашырлық екенін ескертті. 

"Басқа – басқа, Жансая Әбдімәлікке осы депутаттықтың не керегі бар еді?! Бар болғаны 21 жаста. Депутат болып, залда отыратын кезі емес, жарыстарда жарқылдап нәтижелер көрсетіп жүретін кезі емес пе?! Қазақ еліне депутат Жансая Әбдімәліктен гөрі, шахматшы Жансая Әбдімәлік көбірек керек еді ғой. Жансаяны осы қадамға итермелеген үлкендер, не ойлағандарың бар? Қазақта депутат жетеді, шахматшы жетпейді! Гүлісханды мемлекеттік қызметке байлап қойдық, Жансаяны депкорпусқа қуып тықтық. Енді Динара мен Бибісараға портфель беріп, спорттан алыстатсақ, сонымен қазақ елінің шахматтағы ұлы арманын тағы да біраз уақытқа шегере тұрамыз ба? Құдай кешірсін, мына депутаттардың арасында кімдер жоқ?! Жансая, кешір, балам, мен сені ол ортадан көргім келмейді! Жанашырлық деп қабылдарсың", - деп жазды ол желіде. 

Желі қолданушылары жаппай журналистің сөзін қостады. 

"Бізде әркім өз ісімен айналыспайды, сәл танылса, билікке ұмтылады", "Бұл биліктегілердің әрекеті, әнші-жыршыны, спортшына тартады", "Жансая депутат болып не бітіреді, оның спорттағы жетістігі керек емес пе?", "Айт не, айтпады не", "Дұрыс айттыңыз", - деп жазды олар. 

Талқылау