Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ЖОО студенттері 1 қыркүйекте қалай оқиды: Министрлік түсіндірді

1 қыркүйектен бастап қазақстандық ЖОО студенттері қалай оқитыны туралы Білім және ғылым министрлігі түсіндірді. Бұл туралы ведомства телеграм-каналында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұстаз

Бакалавриат 1 курс

Күзгі семестр қашықтан оқыту форматында ұйымдастырылады.

Оқу 1 қыркүйекте басталады. Бұл күні барлық іс-шаралар онлайн режимде өтеді.

1 курс студенттері үшін 24 тамыздан бастап ЖОО саясатымен және қашықтан оқыту форматымен танысу үшін онлайн-режимде бағдарлау апталығы өткізіліп жатыр.

Оқу құралдары және Интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын білім алушылар үшін жатақханаларда орын бөлініп, компьютерлер беру көзделген. Олар оқу корпустарына бармай-ақ қашықтан оқи алады.

Бакалавриат 2-4 курс

2-4 курс студенттері үшін оқу 1 қыркүйекте басталады. 20 тамыздан бастап жоо-лар өз студенттері үшін таныстыру онлайн-кездесулерін өткізіп жатыр.

Оқытуды педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және IT-бағыттар бойынша толық қашықтан оқыту форматына көшіру ұсынылады.

Жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнер сияқты бағыттар бойынша оқытудың аралас форматы көзделген. Дәрістер мен семинарлар онлайн-форматта өтеді. Зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар кампус аумағында қазан айынан кейін басталады.

Офлайн режимде өткізілетін пәндер туралы ақпарат алу үшін студенттер жоғары оқу орындарына хабарласу керек.

Оқу құралдары және Интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ шалғайдағы өңірлерде тұратын білім алушылар үшін жатақханаларда орын бөлініп, компьютерлер беру көзделген. Олар оқу корпустарына бармай-ақ қашықтан оқи алады.


Магистратура

Магистранттарды оқыту 14 қыркүйекте қашықтан басталады.

- 31 тамызда кешенді тестілеу аяқталады;
- 5 қыркүйекке дейін грантқа өтініш қабылданады;
- 7 қыркүйекте гранттарды тағайындау бойынша конкурстың нәтижелерін жариялау жоспарлануда;
- 8 қыркүйектен бастап ЖАО (әкімдіктер) гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау басталады;
- 11 қыркүйекке дейін ЖОО-ға қабылдау үшін өтініштер қабылданады.

2 курс магистранттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру магистранттардың өтініштері бойынша зертханаларда жүзеге асырылады.

Зертханалық және практикалық сабақтар әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып, жеке кесте бойынша жүргізіледі.

Осы кестені нақтылау үшін магистранттар өздерінің жоо-ларына хабарласулары керек.

Докторантура

Докторанттар оқуды 1 қыркүйекте қашықтан бастайды.

1 курс докторанттары үшін оқыту қашықтан жүргізіледі.

2-3 курс докторанттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру докторанттардың өтініштері бойынша зертханаларда жүзеге асырылады.

Зертханалық және практикалық сабақтар әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып, жеке кесте бойынша жүргізіледі.

Осы кестені нақтылау үшін докторанттар өздерінің жоо-ларына хабарласулары керек.

Интернатура және резидентура

Интернатура мен резидентурада оқыту күндізгі-қашықтан оқыту форматында жүзеге асырылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр