Қазақстандық жасөспірім Францияда өткен турнирдің финалисі атанды
Франция астанасы Париж қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша бірінші санаттағы турнир мәресіне жетті. Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы турнирдің финалына дейін жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Заңғар Нұрланұлы финалда тартысты матчта германиялық Нильс Макдональдқа есе жіберді – 6:7 (4:7), 4:6. Заңғар финалға барар жолда алдымен франциялықтар Ариан Калитера мен Кипрен Шивалирді тізе бүктірді. Сосын италиялық Рафаэль Чиуэрнеллиді жолдан тайдырды.
Ширек финалда мысырлық Эяд Мохаммед Шерифтан айласын асырды – 7:6 (7:3), 6:2. Жартылай финалда жарыстың 4-ракеткасы, франциялық Тимео Труфеллиді ойсырата жеңді – 6:1, 6:2.
Бұл турнирдің ерекшелігі, мұндағы бәсекелер атақты Roland Garros корттарында өтеді. Кезінде мұнда әр жылдары жасөспірім шағында Рафаэль Надаль, Гаэль Монфис, Стефанос Циципас, Карлос Алькарас және басқалар жеңімпаз атанған болатын.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды

