Қазақстандық жас шабуылшы америкалық хоккей лигасында үздік сұрмергендер қатарында бірінші орында тұр
Қазақстандық шабуылшы Нар-Ұлан Байкен "Блэк Беар" ұлттық академиясының бомбардирлер жарысында бірінші орында тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shaiba.kz спорттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

“Барыс” балалар мен жасөспірімдер хоккей мектебінің 16 жастағы тәрбиеленушісі АҚШ-тың 16U AAA лигасының тұрақты чемпионаты аясында 52 матч өткізіп, 72 (29+43) ұпай жинады. THF 16U лигасында форвард тұрақты чемпионаттың 10 кездесуіне қатысып, 12 (6+6) нәтижелі балл еншіледі. Плей-офф кезеңіндегі 4 ойында оның есебінде 3 (2+1) ұпай бар.
Айта кетейік, Нар-Ұлан Байкен – Ұлытау облысы Сәтпаев қаласының тумасы. Спортшы 5 жасынан бастап “Барыс” балалар-жасөспірімдер хоккей мектебінде тәлім алған.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті

