Қазақстандық ЖОО-лардың дипломдары қалай өзгереді
Қазақстандық ЖОО-лар жаңа үлгідегі дипломдарды табыстайды. Құжаттардың дизайнын ЖОО-лар тәуелсіз түрде әзірлейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме беріп.
"Білім туралы" ҚР заңының 39-бабына сәйкес жоғары оқу орындары (Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, Денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) 2021 жылдан бастап білім туралы өзіндік үлгідегі дипломдар береді.
ЖОО-лар білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын, дизайнын, оларды толтыруға қойылатын талаптарды тәуелсіз түрде әзірлейді және директорлар кеңесінде бекітеді. Сонымен қатар, білім туралы өзіндік үлгідегі жалған дипломдардың дайындалуына жол бермеу үшін министрлік білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың әрбір түрі үшін серия мен реттік нөмірлеуді белгілейді, - деп ҚР Білім және ғылым министрлігі.
Қазір министрлік білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және есепке алу мен беру қағидаларын бекітуде.