Қазақстандық теннисшілер "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисшілер Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин, Денис Евсеев, Бейбіт Жұқаев "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесулерінде жеңіске жетті. Кукушкин украиналық Виталий Сачконы 6:3, 6:3 есебімен жеңсе, Евсеев франциялық Маттео Мартинодан 6:7, 6:2, 7:6 есебімен басым түсті. Ал Жұқаев "Уимблдон" додасындағы алғашқы жарысында австриялық Юрий Родионовты жеңді. Отандастарымыздың келесі айналымдағы қарсыластары да белгілі.
Айта кетейік, бұған дейін Юлия Путинцеваның Ұлыбританияда өткен WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған едік.
"Тексермесе төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді

