Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандық теннисшілер әлемдік командалық рейтингте жоғарылады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы Billie Jean King Cup әлемдік командалық рейтингінде жоғарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисшілер 12-орыннан бірден 6-орынға көтерілді. Бұл – ұлттық әйелдер құрамасының тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Фото: скрин billiejeankingcup.com

Рейтингтің көш басына Италия орналасты. Екінші және үшінші орынға Ұлыбритания мен АҚШ елінің арулары жайғасса, төртінші сатыда Испания. Бұған дейін үшінші орында тұрған Канада бесінші сатыға түсті.

Қазақстан құрамасы Чехия, Швейцария, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия және Франция секілді әлемнің мықты командаларын артта қалдырды.

Бұл табысқа жетуде шешуші рөлді Брисбенде өткен іріктеу кезеңінде Австралия құрамасын жеңу ойыны атқарды. Юлия Путинцева Майя Джойнтты 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты. Ал Елена Рыбакина алғашқы сетте артта қалғанына қарамастан, Кимберли Бирреллді 6:3, 7:6 (4) есебімен жеңіп, Қазақстанға шешуші ұпайды алып берді.

Осы жеңістердің арқасында Қазақстан әйелдер құрамасы Billie Jean King Cup турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды. Финал 2025 жылдың 16-21 қыркүйегі аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.

Финалда әлемнің үздік сегіз командасы өнер көрсетеді. Олардың қатарында Қазақстан, Жапония, АҚШ, Украина, Испания, Ұлыбритания, Италия және Қытай құрамалары бар.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 06 Мамыр, 2025 10:22
Талқылау