Қазақстандық теннисші Ролан Гарростың іріктеу кезеңінде келесі айналымға өтті
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу кезеңінде алғашқы жеңіске қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 146-орында тұрған канадалық Габриэль Диалломен ойын өткізді. Бірінші сетте Скатов 6:4 есебімен басым түсті.
Екінші сетте тай-брейкте қазақстандық спортшы тағы да басымдық танытып, 7:6 (8:6) жеңіп кетті.
Екі сағатқа созылған бәсеке барысында Скатов бес брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы төрт эйс, үш брейкпен (8 брейк-пойнт) шектелді.
Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненге қарсы ойын өткізеді.
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"

