Қазақстандық теннисші Польшадағы турнирдің жартылай финалына шықты
Анна Данилина Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан турнирдің жұптық разрядында ойнап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екінші айналымды ол германиялық теннисші Анна-Лена Фридзаммен бірге ойнап, румыниялықтар Александра Игнатик және Габриэла Лиді жеңді. Кездесу 1 сағат 4 минутқа жалғасқан. Нәтижесінде 6:2, 6:3 есебімен аяқталды.
Ойын кезінде Данилина мен Фридзам допты екі рет асыра беріп, үш рет екі еселенген қателік жіберді. Сонымен қатар олар 6 ұпай мен 3 геймді қатар жеңген.
Анна Данилина WTA жұптық рейтингінде 19-орында тұр. Бұл – қазақстандық теннисшілер арасындағы үздік көрсеткіш.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қалам лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген

