Қазақстандық теннисші Будапештте өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапештте өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Путинцева бразилиялық Лаура Пигоссиға қарсы ойнады. Ол – әлемнің 125-ракеткасы және жұптық разрядта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Ойын 2 сағат 18 минутқа жалғасып, отандасымыз 4:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Матч барысында Путинцева допты беру сәтінде сызықтан асырып жіберген, сонымен қатар екі рет қателік жіберді. Бұдан бөлек ол жеті ұпай ұтып, алты геймді қатар ұтқан.
Айта кету керек, Юлия Путинцева Әйелдер теннисі ассоциациясының рейтингінде 32-орында тұр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

