Қазақстандық спортшылар ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 10 медаль иеленді
Албанияда ауыр атлетикадан өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жеті алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша 1-ші орынды иеленді.
Осылайша, 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ерасыл Сәулебеков пен 102 келіге дейінгі салмақта Никита Әбдірахманов алтын медаль иеленді.
Екі спортшы да серпілісте және қос жарыста алтынға ие болды. Күміс жүлдені Нұрдос Сабыр (89 келіге дейін) мен Таисия Алексеева (64 келіге дейін) алды.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады
Мектеп бітіру кешінде шампур тығып алған: Алматы облысында Әлібидің өліміне күдікті жасөспірім 10 жылға сотталды
Аталған қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды

