Қазақстандық спортшы семсерлесуден Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Әйгерім Сарыбай Париж олимпиадасының лицензиясына ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Әйгерім Сарыбай Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен семсерлесуден іріктеу турнирінде олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Саблямен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай сәтті өнер көрсетіп, финалда гонконгтық спортшыны 15:13 есебімен жеңді. Бұл жеңіс оны 2024 жылғы олимпиада ойындарына қатысуына мүмкіндік берді. Аталмыш жарыста тек жеңіске жеткен спортшылар ғана олимпиадалық квота иегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

