Қазақстандық спортшы әлемнің үздік ойыншысы атағына үміткер атанды

Қазақстанның жағажай футболы құрамасында өнер көрсететін Михаил Кайзер әлемдік деңгейдегі үздік ойыншылар тізіміне үміткер ретінде енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Beach Soccer Worldwide ұйымының нұсқасы бойынша 2025 жылдың ең мықты футболшысы атағына ұсынылған.
Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, жеңімпазды ұлттық құрамалардың бас жаттықтырушылары мен команда капитандары анықтайды. Бұған дейін Кайзер 2025 жылғы Еуролиганың В дивизионында ең үздік ойыншы (MVP) атанған еді.
Аталған турнирде ол 7 матчқа қатысып, қарсыластар қақпасына 7 гол соғып, Қазақстан құрама сапындағы сұрмерген ойынша атағына қол жеткізді.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы Еуролига-2025 бәсекесінде В дивизионында табысты өнер көрсетіп, келесі маусымда А дивизионында бақ сынау мүмкіндігіне ие болған.
Айта кетейік, Михаио Кайзер “Арман” команда сапында да ойнайды.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге