Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Temu мен AliExpress-тен тауар сатып алу ережелері өзгерді: Енді қазақстандықтарды не күтіп тұр

маркетплейстер
Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалған

Биыл Еуразиялық экономикалық одақ  елдерінде Temu, AliExpress, iHerb және басқа да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Мұны Қаржы министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік мәліметінше, пилоттық жоба 2023 жылы басталған. Экспериментке “Қазпошта” АҚ, DHL International Kazakhstan ЖШС және жеке тұлғаларға арналған тауарларды жеткізетін өзге де операторлар қатысқан. Осы уақыт ішінде азаматтардың сәлемдемелерді алуына қатысты ешқандай қиындықтар тіркелмеген.

200 еуроға дейінгі сатып алулар үшін ештеңе өзгермейді

Егер сатып алынған тауардың құны 200 еуродан (112 324 теңге) аспаса, онда:

  • кедендік баж бен салық төлеудің қажеті жоқ;
  • сәлемдемелер бұрынғыдай жеткізіледі;
  • кеден органдарына өз бетінше жүгінудің қажеті болмайды;
  • сатып алушының атынан декларацияны электрондық сауда операторлары рәсімдейді.

Министрліктің түсіндіруінше, шетелдік маркетплейстерден жеке тұлғалар сатып алатын тауарлар “электрондық сауда тауарлары” деген жеке санатқа енгізіледі.

Олар үшін кедендік декларацияның жаңа түрі – электрондық сауда тауарларына арналған декларация енгізіледі. Бұл құжатта әртүрлі жеке тұлғалардың 999 тауарын көрсетуге болады. Мұндай декларацияларды сатып алушылардың атынан кеден органдарына электрондық сауда операторлары тапсырады. Бұл кеден саласындағы жаңа институт болмақ.

Сонымен қатар бұрын қолданылған 31 келілік салмақ шектеуі алып тасталады. Ал бажсыз әкелу лимиті 200 еуро деңгейінде сақталады.

200 еуродан қымбат тауарларға қандай өзгеріс бар?

Егер тауардың бағасы 200 еуродан асса, онда:

  • тауар құнының 5%-ы мөлшерінде кедендік баж;
  • 16% көлемінде қосылған құн салығы (ҚҚС) алынады.

Мысалы:

250 еуро (140 405 теңге) тұратын тауар үшін 12,5 еуро (шамамен 7 мың теңге) көлемінде кедендік баж және қосылған құн салығын төлеу қажет болады;
500 еуро (280 810 теңге) тұратын тауар үшін 25 еуро (шамамен 14 мың теңге) көлемінде кедендік баж және қосылған құн салығы қарастырылған.

Қазір мұндай тауарларға бажсыз әкелу шегінен асқан сомаға 15% мөлшерінде бірыңғай төлем (ҚҚС-ты қоса алғанда) қолданылады.

Жаңа ережелер не үшін енгізіліп жатыр?

Министрліктің мәліметінше, бұл өзгерістер интернет-сауданы реттеуге және жеке пайдалануға арналған тауар ретінде коммерциялық партияларды заңсыз әкелудің алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар жаңа талаптар  Еуразиялық экономикалық одақ аумағында орналасқан және Wildberries, Ozon мен Kaspi.kz сияқты жергілікті интернет-алаңдар арқылы сатылатын тауарларға қолданылмайды.

Осылайша, бағасы 200 еуроға дейінгі жеке пайдалануға арналған тауарларға тапсырыс беретін қазақстандықтар үшін сатып алу және сәлемдемені алу тәртібі өзгеріссіз қалады.

Айта кетейік, бұған дейін 

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 06 Маусым, 2026 18:59