Қазақстандық шахматшы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Қазақстандық шахматшы Қазыбек Нөгербек Үндістанда өткен әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: KazChess/КФШ
Қазыбек Нөгербек Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатқан дүрмекте отандасымыз классикалық шахматтан сайысқа түсті. Ол 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды. Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі 2501.
Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

