Қазақстандық сегіз боксшы Азиаданың чемпиондық атағына таласады

Фото:Спортты дамыту дирекциясы
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан жартылай финал кезеңі өз мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасынан сегіз спортшы шешуші сында чемпиондық атаққа таласады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қыздар арасында Аяулым Оспанова (66 кг), Камила Оспанова (75 кг) және Елнура Қоңырат (+80 кг) финалға жолдама алды. Ал ұлдар арасында Арман Мырсәбит (46 кг), Жұмағали Нұрмахан (50 кг), Досжан Жұмақан (54 кг), Даниял Шалқарбай (66 кг) және Мұхамедәлі Рүстембек (+80 кг) алтын жүлде үшін күш сынасады. Өкінішке қарай, Рамина Маханова (54 кг) мен Санжар Матасов (75 кг) жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады. Ақтық бәсекелер 30 қазан күні өтеді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

