Қазақстандық полиглот Доминикан республикасы президентінен жеке шақыру алды (видео)
Қазақстандық полиглот Омар Әлиев бұрын-соңды болмаған танымалдыққа ие болды. Алматы медицина колледжінің студенті әлемнің барлық тілінде сөйлей алады. Әлиевтің даңқы Доминикан республикасының президенті Луис Абинадерге де жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Омар Әлиевтің Instagram парақшасы
Омар Әлиев әдеттегідей көптеген елдер туының ішінен біреуін суырып алып, сол елдің тілінде сөйлеген видеосын жариялады.
Доминикан республикасының туын алған қазақстандық бірден испан тілінде еркін сөйлеп, осы мемлекетке барып, ұлттық тағамдардың бірін татып көргісі келетінін айтты.
Әлиевті бұл видео жарияланғаннан кейін қызық жаңалық күтіп тұрды. Видеоны Доминикан басшысы көріп, полиглоттың парақшасына жазылды.
Луис Абинадер тіпті видеоның астына шағын пікір қалдырған. Президент Омарды елдің жағажайларын тамашалап, ұлттық тағамдарымен танысуға шақырды.
Сөз соңында Абинадер Омардың таңғажайып елден қайтқысы келмей қалуы мүмкін екенін айтып әзілдеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі