Қазақстандық нысана көздеуші Париж олимпиадасының жолдамасына ие болды
Қазақстан құрамасының қоржынына нысана көздеу спортынан тағы бір олимпиада жолдамасы түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстандық спортшы Ирина Юнусметова нысана көздеуден Париж олимпиадасының жолдамасына ие болып, төртжылдықтың басты додасында өнер көрсету құқығына ие болды. Отандасымыз әлемдік рейтинг бойынша Париж ойындарына іріктеуден өтті. Халықаралық спорттық оқ ату федерациясы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша олимпиадалық рейтингті жаңартып, нәтижесінде Ирина Юнусметова 10 метрге тапаншамен нысана көздеуден жолдамаға ие болды.
Айта кетейік, нысана көздеуден Қазақстан құрамасы алтыншы жолдамасын жеңіп алды. Сондай-ақ бұл – Қазақстан құрамасындағы Париж олимпиадасының алпыс жетінші жолдамасы.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

