Қазақстандық маман коронавирустан айыққандардың бойында байқалатын өзгерістерді атады
Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирустан жазылғандардың ағзаларында байқалатын бірқатар өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Коронавирус инфекциясынан жазылғаннан кейін адамның бойында оның салдары байқалады. Ең бірінші кезекте ол адамның жасына байланысты. Пациенттің қандай кезеңде емханаға түскені де маңызды. Оның бойында қандай аурудың өршіп кеткеніне де көп көңіл бөлу керек. Әрине, иммундық жүйеге қысым күшейеді. Коронавирус жұқтырғандардың 4 пайызға жуығы интенсивті терапияға мұқтаж. Бұған дейін айтқанымдай, олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оларды мамандар барынша емдеп, профильді бөлімшелерге ауыстырады», - деді Сәуле Қисықова.
Бұған қоса ол ауруханадан шығарылған кейбір науқастар қайта оңалту шараларынан өткенін мәлім етті. Сөзінше, бұған себеп коронавирустан кейін ағзада пайда болған кемшілікті түзеу болыпты.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр