Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді
Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады. ҚР Үкіметі осындай Қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленетін болады.
Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды. Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және "Қазселденқорғау" ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді", - делінген Үкіметтің ресми сайтында.
ҚР ТЖМ деректері бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ.
Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қалам лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген