Қазақстандық коронавирусқа жасалған тесттер шетелде жарамайды - Есмағамбетова
Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздегі коронавирусқа жасалған тесттің нәтижесі шетелде жарамсыз екенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда осы мәселені шешу үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, атап айтсақ, Қазақстанның, Ресейдің, Қырғызстан, Армения мен Беларусьтың бас санитар дәрігерлері жұмыла жұмыс істеуде екен.
"Өкінішке орай, бүгінде Еуразиялық экномикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында қазақстандық анықтама ескеріледі деген келісім жоқ. Бірақ біз бұл мәселені талқылаудамыз", - деді Есмағамбетова.
Еске салайық, Есмағамбетова қазақстандықтарды қашықтан жұмыс істеуге шақырған болатын.
Еліміздің бас санитар дәрігері: Менің жалақым өскен жоқ
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі