Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық кикбоксшылар әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңді

Қазақстандық кикбоксшылар Италияда өткен әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

кикбоксинг

"15 және 24 қазан аралығында Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 65 елден шамамен 1 600 спортшы қатысқан. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс. 10 қол медаль жеңді", - делінген хабарламада. 


"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан үшінші рет жеңілді


Ел атынан өнер көрсеткен Дінмұхамед Баймұратов, Ерлан Шағбан, Мақсат Үсіп, Фазреддин Сафаров, Нұрсұлтан Жұмабаев, Нұрдәулет Қалшор чемпион атанды. Ал Азамат Өтемісов күміс медаль иеленді. 

Айта кетейік, бұған дейін шымкенттік каратэшілердің Мәскеуде өткен премьер-лига турнирінде чемпион атанғанын хабарлаған едік. 

Талқылау