"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан үшінші рет жеңілді
"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан үшінші рет жеңілді
Череповецтік "Северсталь" "Барыстан" басым түсті. "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда өткен кездесу 5:1 есебімен аяқталды. "Барыс" командасының ойыншысы Аркадий Шестаков жалғыз шайбаны соқты. Ал Никита Михайлис өзінің нәтижелі сериясын тоқтатты.
18 ұпаймен "Барыс" Шығыс конференциясында 7-орында тұр, дәл осындай нәтижемен "Амур" 8-орында. Батыс конференциясында қатарынан төрт мачта жеңген "Северсталь" 24 ұпаймен 7-орынға көтерілді.
"Барыс" келесі кездесуін 26 қазанда Шығыс конференциясында 10-орындағы "Сибир" командасына қарсы өткізеді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды