Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов еуропалық чемпионаттағы алғашқы сәтті ойынын өткізді
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов шетелдік чемпионаттағы алғашқы "құрғақ" матчын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Покатилов Әзірбайжан чемпионатында “Сабах” футбол клубының сапында алғашқы “құрғақ” матчын өткізді.
23-тур аясында қонақта “Сабаил” командасына қарсы ойнады. Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.
Бұл ойында Покатилов негізгі құрамда болды. Бұған дейін қазақстандық қақпашы кубоктық ойында да алаңға шыққан еді.
“Сабах” футбол командасы чемпионатта 32 ұпаймен 5-орында келеді. Айта кетейік, Стас Покатилов қысқы трансферлік ауысым кезінде қостанайлық “Тобыл” клубынан әзірбайжандық “Сабахқа” еркін агент ретінде ауысқан еді.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті

