Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық генерал Арыстағы оқ-дәрілері не үшін Байзақ ауданына тасымалданғанын айтты

Халық қаһарманы, Генерал Лейтенант Бақытжан Ертаев Арыстағы оқ дәрілері не үшін Байзақ ауданына тасымалданғанын, генералдар жауапқа тартылмайды деген пікірге көзқарасын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп. 

Бақытжан Ертаев Қазақстан армиясында жойылуы тиіс оқ-дәрі қоры жайлы мәселеге тоқталды.

“Арыстағы қайғылы жағдайдан кейін Қарулы күштерінің министрі өте дұрыс шешімге келді. Сол жердегі инженерлік оқты Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жердегі қоймаға апарып ауыстырды. Әр жерде инженерлік дәрі-оқтар сәйкесінше болуы керек”, – деді ол.

Айтуынша, Ауған соғысынан шыққан соң бірнеше жерде қоймалар көбейтілді, соның ішінде Атарда үлкен қоймалар бар.


"Ұлы әкесінің жолын қуады": Жамбыл облысында мерт болған өрт сөндіру қызметкерінің жұбайы күйеуімен соңғы әңгімесі, естеліктері жайлы айтты 


“Қазір жеткілікті қару-жарақ қоймалары бар. Шешім бойынша утилизация жұмыстары жүріп жатыр”, – дейді ол.

Көп жағдайда шенділер, генералдар жауапқа тартылмай жатады деген пікірге Ертаев өзінің кереғар көзқарасын алға тартты. 

“Талай генералдар жауапқа тартылды. Генерал да солдат. Мәселе оқиғаның себебінде. Неге оқиғаны тоқтатпады? Бұйрықты орындамасаң генерал соған жауапты болады. Әскери адам отан алдында сөз берген”, – дейді Бақытжан Ертаев.

 

Талқылау