Қазақстандық футболшы шетелдік команда сапында үш гол салды
Қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов футболдан Армения чемпионатының 28-ші туры аясында “Лернаин Арцахқа” қарсы ойында (4:0) “Ван” командасы үшін хет-трик жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Vesti.kz” сайтына сілтемемен.

19 жастағы Анкудинов 19, 54 және 66 минуттарда гол соқты. Сондай-ақ нигериялық Сани Бухари (57-ші) бір гол соққан.
Осы ойыннан кейін 34 ұпай жинаған "Ван" кестеде 10-орында тұр. "Лернаин Арцах" (21 ұпай) сегізінші қатарда.
Анкудинов Қарағанды қаласының тумасы. Футболдық мансабын 2021 жылы ресейлік "Родина-2" клубының құрамында бастаған. Ол Қазақстанның 17 және 19 жасқа дейінгі жастар құрамасына шақырылған.
Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 125 мың еуроға бағалайды. "Ван” командасы шабуылшыны жалға алған, қазақстандық молдавандық "Шериф" командасына тиесілі.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

