Қазақстандық файтер UFC-мен келісімшартқа отырды
Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Бекзат Әлмахан (17-1) әлемдегі ең үздік промоушенде күш сынасатын еліміздің өкілдерінің қатарын толтырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Әлмаханға UFC қызығытып отырғаны белгілі болғанымен, ол бразилиялық Ян Ферразмен (15-6) жекпе-жекке шығып, өзін дәлелдеу керек еді.
“Бекзат OCTAGON-да көптеген есте қаларлық жекпе-жекті өткізді. ММА әлеміндегі басты перспективалардың біріне айналды. Әлмахан қиын бәсекелерде жеңіске жетіп, лига тарихына тізімдегі ең дарынды файтерлердің бірі ретінде енді. Біз бұл кейінгі 9 айдың ішінде OCTAGON спортшысының UFC-ге екінші рет қол қоюын мақтан етеміз”, – дейді спортшының промоутерлері.
Айта кетейік, Бекзат 18 қарсыласының 13-ін нокаутқа түсіріп, бұған дейін қазақстандық Сергей Морозов өнер көрсеткен жеңіл салмақта (61 келіге дейін) UFC-ге түскен.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
