Қазақстандық файтер Ресейдегі турнирдің басты кездесуінде күш сынамақ
Ресейде тұратын этникалық қазақ, ММА файтері Ильяс Хамзин (10-2) 23 қыркүйекте Екатеринбургте өтетін RCC Intro 23 турнирінің басты жарысына қатысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Cурет ашық дереккөздерден алынды
Ол жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте бразилиялық Альфредо Соузомен (16-8) кездеседі.
6 мамырда өткен өзінің алдыңғы жекпе-жегінде Хамзин тағы бір бразилиялық Виктор Фигейредоны(12-5) бір минутта нокаутқа түсірген болатын. Ал Соузо 6 наурыздағы соңғы жекпе-жегінде ресейлік Мурад Абдулаевпен күш сынасып (20-6) ұтылған болатын.
Айта кетейік, Ильяс Хамзин бұрынғы UFC чемпионы Питер Янның әріптесі әрі досы – Архангел Майкл клубының атынан шыққан.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

