Қазақстандық дзюдошы Grand Slam турнирінде әлем чемпионын жеңіп финалға жолдама алды
Дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Нұрқанат Серікбаев 2019 жылғы әлем чемпионы, грузиялық Лукуми Чхвимианиді жеңіп, финалға шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрқанат Серікбаев 60 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алған. Жарыс аясында ол төрт белдесу өткізді.
Отандасымыз алдымен БАӘ өкілінен, сосын әзербайжандық балуаннан басым түсті. Ширек финалда өзбекстандық Ділшотбек Баратов, жартылай финалда грузиялық спортшыны жеңді.
Финалдық кезеңде Серікбаев Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джунмен алтын медаль үшін таласады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған

