Қазақстандық "Барыс" ҚХЛ-дегі ең әлсіз топтан ұтылды
2020 жылдың алғашқы хоккей жарысында қазақстандық "Барыс" ҚХЛ-де ең әлсіз болып саналатын ригалық "Динамо" тобынан жеңілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Сайыс Ригада өткен болатын, мұз айдынының иелері қазақстандық топты 1:0 есебімен жеңді. Өздерінің командаларына жеңіс алып келген шайбаны Кирилл Слепец қақпаға соғыпты.
Осы жеңістің нәтижесінде ригалық "Динамо", минсктің "Динамо" тобын 1 ұпайға басып озып, 31 жинап ең соңғы орыннан алдыға қарай жылжыпты.
"Барыс" тобы 43 ойын ойнап, 55 ұпай иеленген. 6 қаңтар күні қазақстандық хоккейшілер омбылық "Авангард" тобымен сайысқа түседі.
Құрлықтық хоккей лигасы немесе ҚХЛ 2008 жылы құрылған Гагарин кубогі біріншілігін өткізу үшін құрылған Еуразиядағы халықаралық ашық хоккейлік лига. 2009 жылдан бастап Еуропадағы ең мықты хоккей лигасы болып саналады.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"