Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов жарыстардан шеттетілді
Қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікпен жарыстан уақытша шеттетілді.

Бұл туралы халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) баспасөз қызметі хабрлады. Халықаралық допингтік тестілеу агенттігінің (ITA) шешімі бойынша, Рахимов 2016 жылы допинг-сынама үшін алынған зәрдің сынамасын алмастырды деп күдіктелуде.
Сол жылы ол Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы болды. Дәл осындай себеппен 31 жастағы румындық ауыр атлет Думитру Каптари тергеу уақытына шеттетілді.
Екі ауыр атлет те 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетінін ескеріңіз. Рахимов сонымен қатар 2015 жылғы әлем чемпионы, 2013 жылы ол допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттетілді. Каптари - Еуропа чемпионы (2017).
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін