Қазақстандық ару "Славян базары" байқауында Гран-при алды (видео)
Қазақстандық ару "Славян базары байқауында Гран-при иегері атанды, ал Димаш Құдайберген үлкен қошеметке ие болды. "Славян базары" Қазақстанның Туымен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz Белта басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас жүлде Рухия Байдүкеноваға XXX халықаралық "Славян базары" өнер фестивалінде табысталды.
Бас жүлде үшін бәсеке мықты болды. Екінші турда қатысушылар славян халқының хиттерін орындаған. Кей артистер үшін бұл оңайға соқпады, оларға орыс тілін үйренуге тура келді”, – деп жазады басылым.
Бас жүлдені қазақстандық Рухия Байдүкеноваға әділ-қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыстады.
Бірінші орын сербиялық Ирина Арсениевичке бұйырса, екінші дәрежелі диплом Даниил Мышковец пен украиналық Рената Штифельге табысталды. Ал үшінші орынды словакиялық Иванна мен Әзербайжан елінің өнерпазы Тофик Гаджиев бөліске салды.
Президенттің арнайы "Славянская надежда" сыйлығы Сербиялық өнерпаз Ирина Арсениевичке табысталды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды