Қазақстандағы ең ластанған қалалар тізімі анықталды
Қазақстандағы ең ластанған 10 қала тізіміне енді Нұрсұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент кірді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“2020 жылдың қорытындысы бойынша атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің ішінде 10 қала атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғарылаған. Бұл Нұрсұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары”, – деп атап өтті Мырзағалиев.
Оның айтуынша, ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 2,5 млн тоннаны құрады.
“Жер үсті суларының ластануының негізгі себептерінің бірі – ескірген кәріз және тазарту қондырғылары. Жалпы ел бойынша 2020 жылы төгінділердің жалпы көлемі 1,1 млн тоннаны құрады”, – деп атап өтті ведомство басшысы.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"