"Қазақстандағы екінші карантин - ақылға қонымсыз дүние": Ресейлік мамандар еліміздегі шектеу шаралары жайлы

Танымал ресейлік тележүргізуші, дәрігер Елена Малышева Қазақстанда не үшін екінші рет карантин енгізілгенін түсінбейтінін ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Малышева

Малышеваның сөзінше, карантин мен шектеу шараларын енгізудің басты мақсаты індетке қарсы мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесін дайындап, аурудың өрушуін болдыртпау екен. 

"Негізі карантин енгізілсе, індеттің шарықтау шегі болмайды деген сөз емес. Бұл жағдай тек біраз уақытқа шегеріледі. Карантин жарияланғанымен ауру ешқайда кетпейді. Шектеу шаралары бәсеңдеген соң коронавирусты адамдар қайта жұқтыра бастайды. Мысалы Қазақстанда осындай жайт орын алды. Ал енді үкімет неліктен екінші рет карантин енгізіп жатқанын мен мүлдем түсінбеймін", - дейді ресейлік дәрігер. 

Бұған қоса ол карантин аурудың таралуын созып жіберуі ғажап емес екенін жеткізді. Айтуынша, әдетте бұл үш айға жетеді. 

"Қазақстандық дәрігерлер емдеу хаттамасы дұрыс емес деп шырылдауда. Қазір интернетте мұндай видеолар өріп жүр. Осы тұрғыда Ресейден дәрігерлер бригадасының Қазақстанға аттанғанын айта кетейін. Біздің мамандар әріптестеріне көмектерін тигізер деген ниеттемін", - дейді Малышева. 

Сондай-ақ тележүргізуші қазақстандықтарды әбігерге салынып, дәріханаларды алдын торуылдаудың қажеті жоқ деп ескертті. Себебі нұсқаулықсыз берілетін дәрілер коронавирусты емдеуге мүлдем қолданылмайды. 

Өз кезегінде Малышева егер сырқаттанып қалсаңыз, суды көп ішуге кеңес берді. Егер дене қызуы түспей қойса, парацетамол сынды дәрілерді қабылдау орынды дейді ол. 

Малышеваның айтуынша, Қазақстан мен Мәскеудің тұрғандарының саны бір-біріне ұқсас (егер заңсыз мигранттарды есептесек). Десек те Мәскеу билігі ауруға дер кезінде дайындалып үлгерген: екі аптада Ресейдің астанасында науқастарға арнап 26 мың төсек-орын даярланыпты.

"Қазір резервте тағы 10 мың орын тұр. Яғни, қажет болған жағдайда Мәскеуде он мың науқасты бірден ауруханаларға жатқызуға болады. Осы тұрғыда Қазақстан Ресеймен байланысып, өздерінің мәскеулік әріптестерінің тәжірибесіне сүйеніп, пандемияға дайындалуы қажет еді", - дейді ол. 

Малышеваның айтқан сөздерімен екінші дәрігер, кардиолог, профессор Симон  Матскеплишвили келісетінін жеткізді. 

"Карантин - бұл бірінші кезекте мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесін пандемияға қарсы бейімдеу, түсетін ауыртпалықты азайту. Қазіргі таңда Мәскеуде ауру жұқтырғандардың саны төмендеу, госпитальдар мен ауруханалар қалыпты жұмысқа оралуда. Бұл дер кезінде орындалған жұмыстардың нәтижесі", - дейді кардиолог. 

Бұған қоса ол Мәскеуде де карантин жеңілдетілген, алайда неге Ресейдің астанасында тұрақтылық әлі күнге дейін сақталып тұрғаны жайлы сөз қозғады.

"Карантин - бұл түрме емес. Менің ойымша, адамдардың өздері денсаулықтары үшін шектеу шараларына құлақ асуы керек. Қазақстанда бірінші карантин кезінде денсаулық сақтау жүйесінде өзгерістер болмаған сыңайлы. Мысалы, осы кезде ауруханаларда төсек-орындар дайын тұруы керек еді. Карантин - сақтық шараларының 10%-ы ғана. Егер денсаулық сақтау жүйесі дайындалмаса, шектеу шараларын енгізудің мәні жоқ. О бастан жедел жәрдем жүйесін, ауруханадағы ем шаралын толығымен өзгертіп, COVID-19-ды емдеуде дұрыс ем хаттамаларын қолдану қажет еді. ", - дейді  Матскеплишвили. 

Сонымен қатар дәрігерлер қазіргі таңда гидроксихлорохин коронавирусты емдеуде қолданылмайтынын алға тартты. Негізінен қазір індетті антитабулянттардың көмегімен емдеу дұрыс дейді олар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр