Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы дүкендерде кез келген банктен төлем қабылдайтын біртұтас QR-терминалдар пайда болады

Фото: freepik.com

Енді қазақстандық банктер жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға барлығына бірдей QR төлемдерін қабылдауға арналған жабдықты қамтамасыз ету міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл жабдықты банктер 2026 жылдың екінші жартысынан бастап ұсынуы тиіс.Ол арқылы біртұтас банкаралық QR-код арқылы төлем қабылдауға мүмкіндік болады.

Қазіргі таңда QR арқылы төлеу үшін көбінесе белгілі бір банктің терминалы қажет. Жаңа ережелер біртұтас QR-код енгізеді. Яғни кез келген банк картасымен терминал нақты қай банкіге тиесілі екеніне қарамастан, төлей беруге болады. Бұл есеп айырысуды жеңілдетіп, бизнестің жеке қаржы ұйымдарына тәуелділігін азайтады. Сонымен қатар, клиенттер үшін қолма-қолсыз төлемдерді ыңғайлы етеді.

Банктердің кәсіпкерлерді банкаралық мобильді төлемдер жүйесін пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз ету міндеті Қазақстан президенті 16 қаңтарда қол қойған заңда қарастырылған. Құжат қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша түзетулер енгізеді.



Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға POS-терминал орнататын банктер біртұтас QR-код арқылы төлем қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Алдағы уақытта бұл кәсіпкерлерге әртүрлі банктердің бірнеше терминалын пайдаланудан бас тартып, тек бір терминалды қалдыруға мүмкіндік береді.

STAN.KZ
Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026 14:19