Қазақстанда зорлық-зомбылық деңгейін азайту үшін ережесіз жекпе-жек көрсетіліміне шектеу енгізіледі
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі елде ережесіз жекпе-жек көрсетіліміне шектеу енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің сөзінше, мұндай шара ел ішінде зорлық-зомбылық деңгейін азайтуы керек.
"Себебі мұндай бағдарламаларды көрген оқушылар әдіс-тәсілдерді өзгелерге қарсы қолданады. Кейде өзіміз байқамай зорлық-зомбылықты WhatsApp арқылы таратамыз. Мысалы, қыздардың төбелесіп жатқан немесе ұлдардың бір-бірін ұрып жатқан видеоны басқа адамдарға жібереміз. Ал зорлық пен қатігездік дәл осындай жауыздық туындауына себеп болады", – деді Қыдырәлі.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен