Қазақстанда жүргізуші куәлігін екі жыл сынақтан өткенен кейін ғана беру ұсынылды
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі елде екі жылдай сынақ мерзімімен жүріп, кейін емтихан тапсыру арқылы жүргізуші куәлігін беру тәжірибесін талқылауда деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл тәжірибе Финляндияда қолданыста. Онда жүргізуші куәлігі екі жылдық сынақ мерзімінен және бірқатар емтихандардан өткеннен кейін беріледі.
Осы мәселені министрлікте "Қазавтожол", Жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты мен "Атамекен" бизнес палатасы өкілдері талқылады.
Еліміз жол көлік ережесін сақтау бойынша басқалардан қалып келеді. Оған дәлел мысалы, Жезқазған қаласының өзінде әлемдік орташа көрсеткіштен 2,6 есе жылдамдықты шектен асырған. Ал белдіксіз көлік жүргізу жағдайлары 8,5 пайызға көп.
"Қазавтожол" Қазақстандағы мектептерге арналған Star Rating халықаралық мектеп жобасын енгізуді ұсынды. Жобаның мақсаты мұғалімдер мен оқушылардың белсенді қатысуымен мектептердің жанында қауіпсіз қозғалыс жүйесін құруды көздейді.
2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімді табыс күтіп тұр, кімдерге үйленуге қолайлы
Жылжымайтын мүлік рәсімдеуде мұқият болып, үлкен заттар сатып алуға асықпаңыз
2026 жылдан бастап Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болады – Сарапшылар пікірі
Саясаттанушылар биыл ел саясатындағы болған өзгерістерге тоқталды