Қазақстанда жол ақысын төлей алмаған жасөспірімдерді автобустан түсіріп тастауға тыйым салынады
Енді ата-анасынсыз балаларды қоғамдық көліктен ешкім мәжбүрлеп шығарып жібере алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/kolikpress
Көлік министрлігі жыл басынан бері талқыланып келе жатқан заң өз күшіне енгенін мәлімдеді. Жанында ата-анасы жоқ 16 жасқа дейінгі жасөспірім жол ақысын төлей алмаса да, оны қоғамдық көліктен түсіріп тастауға тыйым салынады.
Жүргізуші міндетті түрде полицияға немесе қамқоршылық қорғаншылық органдарына хабарласуға тиіс. Олар баланың отбасылық жағдайын тексереді.
Бұған дейін алматылық тұрғын автобус орындықтарына ине қойып кететіндер туралы ескерткен еді.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған