AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жеке меншікке берілмейтін жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды

Қазақстанда толығымен мемлекетке тиесілі және иеліктен шығаруға жатпайтын жоғары оқу орындарының тізімі ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Білім туралы" заңның 64-бабы 3-1 тармағына сәйкес, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен мемлекет 100 пайыз қатысатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының акциялары иеліктен шығаруға жатпайды", — делінген түсіндірме хатта.

Жеке меншікке беруге болмайтын жоғары оқу орындарының тізімі:

  • "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Атырау мұнай және газ институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Д.Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Қарағанды техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Қарағанды индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Рудный индустриялық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Айта кетсек, қазан айында президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Қазақстандағы ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайтынын айтқан болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр