Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жанармай бағасы тағы да өсті. Аймақтардағы бензин бағалары қандай?

Қазақстанда бензин бағасының тағы да өсімі байқалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Zakon.kz сайтының жазуынша, Алматыда ең танымал АИ-92 маркалы жанармайды 179 теңгеден 185 теңгеге дейін сатып алуға болады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, бүгінде республиканың әртүрлі аймақтарындағы ірі желілерде АИ-92 бір литрі мынадай бағада сатылуда:

Нұр-Сұлтан – 178/182 тг;

Шымкент – 175/179 тг;

Алматы – 179/180 тг;

Ақмола облысы – 182/183 тг;

Алматы облысы – 180/181 тг;

Маңғыстау облысы – 172/174 тг;

Атырау облысы – 168/170 тг;

Батыс Қазақстан облысы – 172/174 тг;

Қызылорда – 178/179 тг;

Шығыс Қазақстан облысы– 177/180 тг;

Солтүстік Қазақстан облысы – 182/183 тг;

Павлодар – 178/179 тг;

Қостанай – 177/182 тг;

Түркістан – 175/189 тг;

Қарағанды облысы – 180/182 тг;

Ақтөбе – 172/174 тг;

Жамбыл облысы – 179/181 тг.



Ұлттық банктің мәліметінше, мұнай өнімдерін өндіруде бензин бағасы 28,1%-ға және дизель отынына 11,4%-ға дейін өсу қарқыны байқалды. 

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов жанармай бағасы әлі де өседі деп болжайды.

"Бағалар өсуі жалғасады. Көлік иелері мен кәсіпкерлердің бұған дайын болулары қажет. Арзан энергия дәуірі әлем үшін және Қазақстан үшін аяқталды. Үнемді көліктерге көшкен дұрыс болады. 2021 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда мұнай өнімдерінің биржалық саудасы енгізілді, соның негізінде кез келген адам аккредитациядан өтіп, саудаға қатыса алады немесе сауда нәтижелерін көре алады. Еліміз мұнай өнімдеріне нарықтық баға белгілеу жолымен жүріп келе жатыр", – дейді сарапшы.

Сондай-ақ сарапшы Қазақстанның ең арзан жанар-жағармай бойынша әлемдегі 10 елдің қатарына кіретінін атап өтті.

Талқылау