Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы бір жылда 19,5%-ға қымбаттаған – Статистика бюросы
Ұлттық статистика бюросы 2021 және 2022 жылдар аралығындағы тұрғы үй нарығындағы баға өзгерісін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бюрос ұсынған ақпаратқа сәйкес 20212 жылдың маусымы мен 2022 жылдың маусымы аралығында қолданыстағы пәтерлер бағасы 26,8%-ға, ал жаңа пәтерлер бағасы 19,5%-ға қымбаттаған. Ал тұрғын үйді жалға беру құны бір жылда 21%-ға артқан.
Өңірлер бойынша жаңа салынған пәтерлердің жылдық мәндегі бағасы Нұр-Сұлтанда 27,9%-ға өскен. Ал қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша ең жоғарғы өсім Қызылорда қаласында тіркелген. Мұнда екінші нарықтағы пәтерлер құны 46,7%-ға қымбаттаған. Алматыда үйді жалға алу құны 48,3%-ға өскен. Бұл елдегі ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.
2022 жылдың мамыр және маусым айларында жаңа тұрғын үй бағасы 1,1%-ға, пәтерлерді қайта сату 0,4%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі маусымда 1,1% төмендеді.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”