Қазақстанда жаңа пойыз вагондарын сатып алуға 14 млрд теңге жұмсалмақ
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халықпен есептік кездесу барысында жаңа жолаушылар вагондарын сатып алуға жұмсалған шығыстар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Вагондар тұратын парктердің жартысы ауыстыру қажет. 2020 жылы мемлекеттік қолдау тетігі шеңберінде Ұлттық тасымалдаушы 40 миллиард теңгеге отандық "Тұлпар" зауытынан 100 вагон сатып алды. Биыл 14,7 миллиард теңге сомасына 31 жолаушылар вагонын сатып алу жоспарлануда", - деді Атамқұлов.
Оның айтуынша, аталған вагондар Алматы - Маңғыстау және Алматы - Атырау бағыттарында қатынайды.
2025 жылға дейін бюджеттік несиелендіру аясында 295 вагонды жаңарту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін 252 вагонның санитарлық тораптарын жаңарту жоспарлануда, оның ішінде 215 бірлік қазірдің өзінде жаңартылды.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі