Қазақстанда жаңа мерекелік күн пайда болды
Сауда және интеграция министрлігі мереке күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілетін Үкіметтің қаулысын дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарашаның екінші бейсенбісі Сапа күні деп бекітілді.
Мереке отандық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді жетілдіруге ықпал етеді.
"Сапа күнінің әлеуметтік маңыздылығы импортты алмастырып, отандық тұтыну нарығындағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы сауаттылық деңгейін арттыруға байланысты", – делінген негіздемеде.
1989 жылдан бастап қарашаның екінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сапа күні атап өтіледі. Оны БҰҰ қолдауымен еуропалық, америкалық және жапонның сапа ұйымдары құрды.
Құжат 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды